Абай облысыДенсаулықҚоғамТОП

Абай облысы: Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылында амбулатория ашылды

Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, халық игілігіне берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұған дейін ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету күрделі жөндеуді қажет ететін дәрігерлік амбулатория ғимаратында жүргізілген.

Жаңадан тұрғызылған медициналық мекеме жеке кәсіпкер, “Тайм” ШҚ басшысы Ринат Солтабаевтың бастауымен салынған. Ж оба құны – 50 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, қыркүйек айында аяқталған.

Қазіргі таңда заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген амбулаторияда 6 медицина қызметкері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ғимараттың жылыту жүйесі де толықтай дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button