Абай облысы Шар қаласын кешенді даму жоспары талқыланда

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Жарма ауданының тұрғындарымен кездесуінде халық Шар қаласының қазіргі жағдайы, болашағы туралы сұрақтарын қойып, бірқатар мәселелерді атап өткен болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өңір басшысы халықтың өтініші бойынша арнайы жұмыс тобын құрып, Шар қаласының 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу тапсырды.
Осы мақсатта Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кеңес өтіп,оған облыстық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жобасының жол картасын дайындау, жол құрылысы, қаланы абаттандыру, мектеп, бала бақша, спорт нысандарын салу, инфрақұрлымды дамыту, жұмыспен қамту мәселелері қаралды.
Кездесу барысында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кешенді даму бағдарламасының жоспарын талқылаған облыстық әкімдіктің басқарма басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасымен танысты.
Semeynews.kz