Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысында алимент өндіру мәселесі бойынша сот орындаушысына қылмыстық іс қозғалды

Абай облысында алимент төлеуден жалтарғандар анықталды Абай облысы прокуратурасының бастамшылығымен алимент өндіру мәселесі бойынша сот орындаушылардың қызметіне тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде өрескел және жүйелі заң бұзушылыққа жол берілгені анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  сот орындаушылар жалақыға және мүлікке өндіріп алу бойынша шаралар қолданбаудың 50 фактісіне, ақшалай қаражатқа өндіріп алмаудың 14 фактісіне жол берген. Нәтижесінде борышкерлер алимент берешектерін төлемей банктік шоттарынан 116,4 миллион теңге шешіп алған.

Мысалы, алимент бойынша борышкер балаларының алдында 513 мың теңге берешегі болғанымен, өзінің қамауға алынған шотынан жалпы сомасы 2,7 миллион теңгеге ақша қаражатын бірнеше рет алып тастаған.

Осы факт бойынша сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы (өкілеттіктерін теріс пайдалану…) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ алиментті ұстап қалуды бақылаудың болмауы фактілеріне жол беріледі. Нәтижесінде борышкерлер өздерінің шынайы кірістерін жасырып, балаларды асырауға едәуір төмен мөлшерде алимент төлейді.

Мысалы, 2022 жылдан бастап бұрынғы жұбайы балаларға ай сайын 15-20 мың теңге көлемінде алимент төледі, ал 2022 жылдың шілдесінен қарашасына дейін борышкердің шоттарына 13,7 миллион теңге түсті.

Демек, ай сайынғы алимент төлемдерінің мөлшері бірнеше есе көп төленуі керек еді, бірақ бұл сот орындаушысының назарынан тыс қалды.

Тексерудің нәтижесінде прокуратура Өңірлік палатаға заң бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісін енгізді.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button