Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелермен қабылдады

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Ақсуат және Көкпекті ауданынс жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, өңірді дамытуға арналған ұсыныстарын тыңдады.

Тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көшені жарықтандыру, кітапхана мен ауылдық клуб салу, «Абай елі» оркестрінің шығармашылық құрамын кеңінен насихаттау, жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ, Көкпекті ауданының тұрғындары Көкпекті ауылында жеке балабақша салуды ұсынды. Көкпекті ауылындағы платинаны қайта жаңғырту және аудандағы аграрлық-техникалық колледжін күрделі жөндеуден өткізу ұсыныстары қаралды.

Қабылдау барысында барлық өтініштерге жан-жақты жауап айтылып, тиісті басқармаларға тапсырма берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button