Абай облысыҚоғамМерекеСемейСпортТОП

Семей қаласында тұңғыш рет «Семей батыры» спорттық сайысы өтуде

Арбат алаңында Семей қаласының ең мықты спортшылары бақ сынасып, сыңға түсуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Батырлар мөшекпен қашықтықта жүгіру, темірді максималды ұзақ уақытқа ұстап тұру, гір тасын көтеру, бөренемен отырып-тұру, гір тасын иықтан жоғары көтеру, дөңгелекті көтеру, автобусты тарту сынды бірнеше сайыс түрі бойынша бақ сынасуда.

Сайысқа Семей қаласының 18 жастан асқан азаматтары қатысып бақ сынасып жатыр.

Аталмыш шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаевтың мәліметінше, аталған сайыс Семей қаласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта аталған сайыс жалғасын табатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button