Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде қала күнінде қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Семейде қала күні қарсаңында көз қуантарлық қолөнер туындылары ұсынылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін Арбатта қала күніне орай Семей қаласының білім бөлімінің бастамасымен, білім беру мекемелерінің ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен қонақтарының назарына көрме ұсынылды.

Шаһардағы тарихи ғимараттардың макеттері, ұлттық нақыштағы қолдан жасалған бұйымдар көрмеге қойылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Демалыс күніне қарамастан көрмені тамашалаушылар қатары толастар емес.

Айта кетейік, қала күніне орай ауқымды мерекелік шаралар, фестивальдер, спорттық жарыстар жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button