СемейТОП

Қала күні қарсаңында «Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді

Семей қаласында қала күнін мерекелеу аясында іс-шаралар басталды. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен Абай театрында Семей қаласының құрметті азаматы» және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, сондай-ақ түрлі салалардағы «Үздік қызметкерлерге» демалыс орындарына сертификаттар тапсыру  рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік іс-шара барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сөз сөйлеп, қала тұрғындарын қала күнімен құттықтады.

«Биыл сүйікті шаһарымыз Семейдің 25 жылдан кейін қайта облыс орталығы мәртебесін алғанына бір жылдан аса уақыт болды. Бұл – тарихтың өлшемімен санаулы сәт болғанымен, біз осы уақыт аралығында тұрғындардың жайлы өмір сүруі жолында біршама қызмет атқардық. Облыс әкімі Нұрлан Телманұлының қолдауымен бүгінде халықтың әл-ауқатын арттыру жолында тиісті шаралар қабылданып, нәтижелі істер асырылуда”,– деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Салтанатты шарада Семей қаласының дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғаларға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді:

Есенжолов Ерғали  Қабдоллаұлы – Шәкәрім университетінің профессоры, 80-нен астам ғылыми баяндама мен 4 оқу әдістемелік құралдарының авторы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі;

Абекбаев Қуаныш – Қазақ күресі» бойынша Қазақстандағы алғашқы спорт шебері, спорт ардагері;

Молдашева Рыиза Асанқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі;

Бекбаева Майя Төлегенқызы – Қазақстандық журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, тарихи жобалардың авторы;

Смаков Самат Кабирович– Қазақстандық футболшы, Елімай командасының бас бапкері;

Тастекеев Дулат Тұрсынұлы – Меценат, бизнесмен; Сондай-ақ, шара барысында бірқатар азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, сондай-ақ, қаланың дамуы жолында қажырлы еңбек атқарған қарапайым еңбек адамдарына алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Марапаттау рәсімі «Туған қалам – Семейім» фестивалімен жалғасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button