Аймақ басшысы Жарма ауданына барды
Жұмыс сапары аясында өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Шар қаласындағы білім беру және инфрақұрылым нысандарын аралап, тұрғындармен кездесті.
Жиында Нұрлан Ұранхаев Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін баса айтты.
«Соңғы 4 жылда қала мен оның маңындағы ауылдарда 1,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жоба асында спорт кешенін пайдалануға беру, 44 жаңа пәтер салу, емдеу мекемелері мен мектептерді жөндеу, футбол алаңдары мен ойын алаңдарын салу және көшелерді абаттандыру бар», – деді Абай облысының әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы Жарма өңірінде ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 225,5 млн теңгеге 108 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Өңірде де кәсіпкерлікті дамыту шаралары сәтті жүзеге асып жатыр. Шар қаласында барлығы 2688 шағын және орта бизнес субъектісі бар, оның ішінде 219 субъекті жұмыс істейді.
Қалада жалпы ауданы 497 шаршы метр үй салынды. Құрылыс жұмыстары ары қарай да жалғасады, 2024 жылға дейін 10 тұрғын үйді тапсыру жоспарланған.
«Келесі аптада бөлім басшылары аудан әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп Шар қаласы тұрғындарымен кездесу өткізуі қажет. Жиында тұрғындардың ұсыныстары негізінде қаланың жол картасы жасалады. Жол картасының негізінде Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары қалыптасады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың қараша айында Жарма ауданының тұрғындарымен кездесу жоспарланған, оны Шар қаласында өткізуді ұсынамын», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Іс-сапар барысында облыс әкімі жылу және сумен қамтуға арналған жылу магистральдық және инженерлік желілері қайта жаңғыртылып жатқан Жарма технологиялық колледжінің жұмысымен, сондай-ақ жылу қазандықтарын орнату жұмыстарымен танысты.
Одан кейін Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде болып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі күні мұнда электр жабдықтарын бөлшектеу, шатыр, қасбеттерді жөндеу, терезе-есіктерді ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, кәріз және өрт дабылы қондырғылары орнатылды. Құрылысты 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, аймақ басшысы 2023 жылдың 1 қарашасында аяқталуы жоспарланған Амангелді көшесіндегі жалпы ұзындығы 3,45 шақырымды құрайтын жолдың орташа жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Қазіргі таңда орталық алаңды абаттандыру жұмыстары да қызу жүргізіліп жатыр, оның ішінде шағын сәулеттік нысандар, іргетас пен бетон жабындарын орнату, сондай-ақ тротуар плиталарын төсеу жұмыстары іске асады.
Бұдан бөлек аймақ басшысы 1935 жылы құрылған «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің Шар локомотив депосында болды. Қазіргі уақытта депода 135 азамат жұмыс істейтін 14 цех бар.