Бұл туралы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев мәлімдеді. Оның айтуынша қаладағы барлық 8 жерасты өткеліне 65 дана “Сергек” бейнебақылау камералары орнатылып, олар орталық полиция басқармасының баланысына беріледі. Қазіргі таңда қаламыздағы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу, 4 өткелге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткел ішіне Абай облысының туристік келбетін бейнелейтін муралдар салынып, жарықтандырулар тартылды.
Сондай-ақ, барлық өткелдерде дыбыстық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жақын уақытта өткел ішінде әсем әуен ойнап тұратын болады.
Айта кетейік, шілде айында Шәкәрім даңғылындағы бұзақылар Шәкәрім даңғылындағы жерасты өткеліндегі жарықтандыруларды қолды қылған болатын.
Құрметті семейліктер, қаламыздағы әрбір затқа ұқыптылықпен қарауларыңызды сұраймыз. Семей қаласы еліміздің рухани орталығы болып саналады. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.