Абай облысыСемейТОП
Алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу туралы айыптау үкімі шықты
Абай облысында алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу туралы айыптау үкімі шықты.
2022 жылдың қараша айында Семей қаласының тұрғыны М. қала аумағында 100 кг марихуана мен 2 кг гашишті заңсыз тасымалдауға және сатуға тырысты.
Есірткі құралдарының шамамен құны 50 миллион теңгеден асты.Алқабилердің бірауыздан пікірі бойынша М. есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау кінәсі туралы шешім қабылданды.
2023 жылғы 10 тамызда Абай облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. 11 жылға бас бостандығынан айырылып, автокөлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Абай облысының прокуратурасы