Абай облысы

Ашық есік күні

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қылмыс әлеміне әркім әрқалай жолмен келеді екен. Біреулер тұрмыс-жағдайының төмендігі мен жанұясын асырай алмағандықтан ұрлыққа барса, енді біреулер арақ-шарап пен нашақорлықтың кесірінен шалыс басып, қателікке ұрынып жатады. Олардың арасынан қазына мүлкіне қол салып, істі болғандар мен кісі қанын мойындарына жүктегендер де аз кездеспейді. Бұл тұста жанұяда алған тәрбиенің де әсері болатыны анық. Заң бар жерде жазалаудың да бар екенін ұмытқан олар, соңында тар қапасқа келіп тоғытылғанда ғана бас шайқап, бармақ тістейтіні жанға батады.
Мәселен, қылмыстық-атқару жүйесінің Абай облысы бойынша Департаментіне қарасты Семей қаласындағы № 21 мекемесінде абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталғандар және екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған қасақана қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталғандар жазасын өтеуде.
2023 жылдың 9 қыркүйегінде Абай облысы ҚАЖД № 21 мекемесінде жаза өтеушілердің туған-туыстарымен кездесуіне арналған «Ашық есік күні» болып өтті. Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін ұйымдастырылып отырған осы күнде олар көптен көрмеген алыс-жақын туыстарымен кездесіп, көңілдерінде жүрген сағыныштарын басып, серігіп қалды. Түрменің аты түрме ғой, бостандықта өткізген бір күні мен сағатына ештеңе жетпейтінін түсінген кейбір жазасын өтеушілер жасаған қылмыстарына өкінетіндіктерін ашық айтып, енді бірі басқа көрмеген туыстарын сұрастырып, екінші біреуі бостандыққа шығатын күннің алыс емес екенін шамалап саусақтарымен санап жатты.
Ашық есік күннің соңына таман мекеме бастығы әділет подполковнигі Аслан Бахытбекович Нурбеков жазасын өтеушілердің кездесуге жиналған туыстарын жинап жазасын өтеушілердің ертерек еркіндікке шығуларына тілектестігін білдірді.
Ашық есік күнінің жоспарға сай, белгілі бір күндерде өтіп тұруы сотталғандар үшін де, олардың туған туыстары үшін де жасалып отырған ізгі іс- шаралардың бірі десек қателеспейміз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button