“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізу барысында екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде “Перинаталдық орталық” ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған. Азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер 34 жастағы азаматшаны ұстап, оны полиция бөліміне жеткізген. Сарапшының қорытындысына сәйкес әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.