Семейде алдағы жылыту маусымына тексерістер қарқынды жүргізілуде
Тұрғын үй секторындағы өрттерді тұрақтандыру, өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ «2023-2024 жылдарға арналған жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында қрттің алдын алу жөніндегі іс- шаралар жоспары» барысына сәйкес Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының жарлығымен 2023 жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйегі аралығында Абай облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Семей қаласының Төтенше жағдай басқармасы бастағының міндетін атқарушы Жарқын Тлебалдин баяндады.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күш-жігерінің, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында облыстағы өрттердің санын салыстырмалы түрде төмендетуге болады.
- Жеке тұрғын үй секторында тұрғындардың басым көпшілігінің пешпен жылытуы бар екенін ескере отырып, қалалық ТЖБ қызметкерлері рейдтер жүргізіп жатыр. Рейд барысында үй иелеріне толық түсіндіріп, тексеріс жасайды. Көбінесе өрттің себебі пештің дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның дұрыс салынбағынан пайда болуы мүмкін. Пештерді бақылау, оларды үнемі тазалап отыру азаматтардың өз өмірлеріне деген жауапкершілігі, – дейді Жарқын Тлебалдин.
2022-2023 жылдардағы өткен жылыту кезеңінде Семей қаласының тұрғын үй секторында көмірқышқыл газымен улану оқиғасы бойынша 30 жағдай тіркелген. Улану салдарынан 7 адам қайтыс болған.
- Полиция басқармасымен және еріктілермен бірлесіп рейдтер мен профилактикалық іс – шаралар, викториналар, акциялар, брифингтер өткізіліп жатыр. Демеушілік қаражат есебінен Семей қаласының әкімдігі 2022 жылғы желтоқсанда 300 дана көмірқыщқыл газоанализаторларын бөлді. Мамандар датчиктер 2023 жылдың қаңтар айында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың үйлеріне орнатты. Бірақ халықтың әлеуметтік осал топтарын 100% датчиктермен қамтамасыз ету үшін осындай 3 335 құрылғыны сатып алу қажет, – деді Төтенше жағдай басқармасы бастағының міндетін атқарушы.
Semeynews.kz