Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

«ӘМСҚ» КЕАҚ Абай облыстық филиалының жұмысы

Абай облысы құрылғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында «ӘМСҚ» КЕАҚ облыстық филиалы өз жұмысын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа облысқа 8 аудан, 133 ауылдық округ, 327 ауыл мен кент, 2 облыстық маңызы бар қала кіреді, 600 000-нан астам халық бар.

Қазіргі уақытта өңір халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейі бойынша 20 орынның 7-ші орнында тұр, бұл облыс халқының жалпы санының 83,3% құрайды. Сақтанушылар санының басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық болып табылады.

МӘМС жүйесі енгізілген сәттен бастап медициналық қызметтер саны және оларды қаржыландыру ұлғайды, сондай-ақ КТ, МРТ және позитронды-эмиссиялық томография сияқты қымбат медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер қолжетімді болды.

Өңірлік филиалдың директоры Ғалымжан Әбілов жақында берген сұхбатында медициналық сақтандыру енгізілген сәттен бастап атқарылған жұмыс және денсаулық сақтаудағы өзгерістер туралы толығырақ айтып берді.

«Қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Егер 2020 жылы қаржыландыру 50 млрд теңгені құраса, 2023 жылы біз үш есе айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. МӘМС енгізудің арқасында қымбат медициналық қызметтер қолжетімді болды. Мысалы, 2022 жылы жүргізілген КТ бойынша жүргізілген қызметтер саны 2020 жылы 3 есе, МРТ 2 есе көп. Осылайша, 2022 жылы жалпы сомасы 335 млн теңгеге 19 578 КТ қызметі, 313 млн теңгеге жуық сомаға 12 826 МРТ қызметі жүргізілді», – деді Ғалымжан Әбілов.

Сондай-ақ, сұхбат барысында 2023 жылы Абай облысы бойынша сатып алу жоспары 80 млрд теңгеден астам соманы құрайтыны және 15 млрд теңгеге жуық сомаға аванс төленгені атап өтілді.

Айта кетсек, филиалдың болашақта іске асыруға арналған үлкен жоспарлары бар. Мысалы, облыстық перинаталдық орталықтың ғимараты 70-жылдары салынған және күрделі жөндеуді қажет етеді. Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен жоспарларда қосымша заманауи МСАК ұйымдарын салу және университет госпиталін қайта жаңғырту жоспарланған.

Бірақ қазірдің өзінде облыста МӘМС есебінен тұрғындар жоғары технологиялық медициналық көмек ала алады (ЖТМК).

«Облыс бойынша ЖТМК қызметтерін 4 медициналық ұйым, 3-і Семей қаласында (Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Ядролық медицина және онкология орталығы, Семей медициналық университеті) және 1 аудандық (Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы) ауруханада ала алады. ЖТМК 47 түр бойынша көрсетіледі. 2023 жылдың 6 айында 1 млрд теңгеден астам сомаға 484-тен астам ЖТМК көрсетілді», – деді облыстық филиал директоры Ғалымжан Әбілов.

Айта кетсек, ТМККК және МӘМС аясында Медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен Қордың ресми сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінде танысуға болады. Әркімнің дәрігер мен емхананы еркін таңдауға құқығы бар. Медициналық мекемені жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша тіркеу науқаны кезінде, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін өзгерткен, басқа елді мекенге көшкен немесе ол тұрған емхана қайта құрылған жағдайда ауыстыруға болады.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге келетін болсақ, аудандық орталық ауруханалар деңгейінде консультациялық-диагностикалық қызметтер, оңалту, күндізгі және тәулік бойғы стационар қолжетімді. Ағымдағы жылдың 6 айында тек ауыл тұрғындарына 2 млрд теңгеге жуық сомаға консультациялық-диагностикалық көмек, 90 млн теңгеге жуық сомаға оңалту қызметтері көрсетілді.
Облыстық филиал МӘМС жүйесіне тарту үшін БАҚ және халықпен кездесулер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтеміз. Қоғамдық қабылдау бөлмелері үнемі жұмыс істейді, аудио және бейнероликтер орналастырылады.

«Әрине, ешкім ешкімді мәжбүрлей алмайды. Мұнда еліміздің әрбір азаматының әлеуметтік жауапкершілігі бар. Осыған медициналық сақтандыру қағидаты – үш тараптың (жұмыс беруші – мемлекет – елдің әрбір тұрғыны) ортақ жауапкершілігіне негізделген. Өтініштерге келетін болсақ, 2023 жылғы 1 жартыжылдық кезеңінде Қор филиалына 26 214 өтініш келіп түсті, олардың жалпы санынан 24 619-ы Call-орталыққа 1414 (1406), 1426–ы Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы, Қордың сайтына – 58, Telegram чат-ботына – 111 түсті. 26 214 өтініштің ішінде Алғыс саны 30 өтініш, 138 – уақытша мәртебе беру туралы өтініш, 25 494 консультативтік сипаттағы өтініш, қалған 552 – Абай облысының медициналық ұйымдарына шағымдар”, – деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов.

Сондай-ақ, өңірде медициналық көмек көрсетуге жеке медициналық ұйымдар белсенді тартылуда. Абай облысы бойынша барлығы 65 жеткізуші бар, оның ішінде 34 жеке және 31 мемлекеттік. 37 МСАК ұйымы, оның ішінде 16 жеке, 21 мемлекеттік. Филиал жекеменшік және мемлекеттік медицина ұйымдарымен шарт жасасу арқылы бәсекеге қабілетті орта жасайды. Мұндағы басты мақсат – халыққа сапалы медицина ұсыну.
Филиал жұмысында азаматтарды медициналық қызмет көрсету саласында қорғау тетігі бар. Яғни, қор сарапшылары медициналық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ оны ұсынудан бас тарту себептерін әрбір жағдай бойынша жеке тексереді.

«Өз құқықтары мен консультацияларын қорғау үшін әрбір медициналық ұйымда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол медициналық қызмет көрсетуді, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Ол сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, пациенттердің шағымдарын қараумен айналысады. Сондықтан Пациентті қолдау қызметіне хабарласып, қымбат уақытты жоғалтпай, қажетті көмек пен ақпарат ала отырып, жағдайды сол жерде шешуге болады», – деп толықтырды филиал директоры.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button