Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысына америкалық «Caterpillar Foundation» қорының өкілдері келді

Жұмыс сапары барысында «Caterpillar Foundation» қорының өкілдері атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ететін Ұлттық ядролық орталықта болды. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиын барысында аймақ басшысы Абай облысының тау-кен және орман шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. Өңірде экспорттық тұрғыда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін бірқатар тау-кен өндіру және өңдеу кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, аймақта термоядролық синтез саласында зерттеулер жүргізуге арналған «ТOKAMAK» жабдығы барын, ең ірі мыс кенін өндірумен айналысатын «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС орналасқанын жеткізді.

«Қазақстанның рухани, мәдени және тарихи орталығына қош келдіңіз! Елімізге алғаш рет табан тіреп отырсыздар. Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында 30 жылдан астам уақыт бойы сенімді достық қатынас қалыптасты. Облысымыз тұтастай экономиканың дамуына серпін беретін бірегей транзиттік әлеуетке ие. Сондықтан біз түрлі саладағы ынтымақтастыққа ашықпыз», – деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Caterpillar Foundation – әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әйгілі жаһандық қайырымдылық қоры. Қор жұмысының маңызды аспектісі адами, табиғи және негізгі қызмет көрсету салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдау болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button