Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. Ертеңнен бастап №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен класты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген. Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған.

Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS»ЖШС жасалды.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button