Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай гарнизонының әскери қызметшілері киелі мекенге тағзым жасады

Абай гарнизонының әскери қызметшілерінің отбасылары Қоңырәулие үңгіріне саяхат жасады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шарада тылсымға толы тарихымен қатар Шығыс елінің көрнекті де киелі орынына айналған орындарға жүзден астам әскери қызметші мен олардың отбасы қадам басты. Абай облысының Қарауыл ауданы мен Саржал ауылының арасында орналасқан үңгірге саяхат қызықты естеліктерге толы болды дейді саяхатқа шыққандар. Әсіресе, үңгір ішіндегі қасиетті саналатын көлшік суға түсемін деп барғандар мұздай судан сескенген көрінеді. Салқындығы шекеден өтетін салқын судың шипасы біраз елдің ауызында жүр. Сырқат жерін қасиетті сумен жуған соң дертінен арылады деген мағлұмат та аз емес.

  • Отбасы күніне орай іске асқан бұл сапарымызда әскери қызметшілердің отбасыларына әсіресе ауыр сырқатқа душар болғандарға баса назар аудардық. Себебі Қоңыр әулие үңгірінің емге шипа екендігі әмбеге аян. Саяхат барысында жолай өткен қасиетті орындарға кідіріп, тағзым жасадық. Алдағы уақытта да шырайлы шығыстың шипалы орындарын аралау жоспарда бар, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ақмарал Ахметжанова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button