Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Абай облысында МӘМС жылжымалы медициналық кешендердің жұмысын белсенді дамытуда

Қазіргі уақытта Абай облысы 8 ауданнан және 300-ден астам ауылдан тұрады, онда барлық тұрғындар білікті медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Ауылдық және шалғай елді мекендерде дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы жылжымалы медициналық кешендердің (ЖМК) жұмысын белсенді дамытуда.

Ағымдағы жылға өңірде медициналық сақтандыру шеңберінде ТМККК және МӘМС бойынша 80 000-нан астам ауыл тұрғындарын қамту жоспарлануда. Бір қызығы, тексеруден өту үшін емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет емес-пациенттің жазбаша ерікті келісімі жеткілікті. Мамандандырылған немесе жоғары технологиялық көмек қажет болған жағдайда пациентке тиісті медициналық ұйымға жолдама беріледі. ЖМК-де диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтар, сондай-ақ скринингтен өту мүмкіндігі бар.

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес медициналық кешен әртүрлі аудандар мен ауылдарға барады. Осылайша, Бородулиха ауданы Петропавловка ауылының тұрғыны ЖМК-не келесі шағымдармен жүгінді: сол жақ мықын аймағындағы кезеңді ауырсыну, зәр шығару кезіндегі жайсыздық және етеккір циклінің бұзылуы. ЖМК базасында гинеколог алғашқы медициналық тексеру жүргізді. Науқас жалпы клиникалық зерттеулер және жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуінен өтті.

Диагноз: жедел сатыдағы созылмалы аднексит.
Алдын ала тексеруден кейін аудандық аурухананың гинекологиялық бөлімінде толық тексеру ұсынылды. Әрі қарай, 1993 ж/т науқас учаскелік терапевтке жүгінді, медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған, сол күні Бородулиха аудандық ауруханасының стационарына жатқызуға жолдамасы берілді. Бір аптадан кейін ол шағымсыз, жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

«Уақытында көрсетілген медициналық көмек үшін өте ризамын. Әрине, мұндай медициналық кешендер ауыл тұрғындарына өте қолайлы. Бізде ауданға, қалаға бару мүмкіндігі бола бермейді, әдет бойынша өз емделуімізді кейінге қалдырамыз. Сонымен қатар, гинекологиялық бөлімшенің медицина қызметкерлеріне және гинеколог А.Б.Бегелдиновқа науқастарға құрметпен қарағаны үшін алғыс айтамын», – деді Петропавловка ауылының тұрғыны.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button