Абай облысыСемейСпортТОП

Семейде “Абай марафон” өтті

Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында «Абай Марафон» жеңіл атлетикалық жарысы өтті. Бұл марафон Абай облысы құрылғалы бері дәстүрлі түрде екінші мәрте өткізілді. Марафонға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, қала тұрғындарымен бірге жүгірді.

Қатысушылар келесі қашықтықтар бойынша бақ сынасты.

● Кросс – 5 км;
● Жүгіру – 10 км;
● Жартылай марафон – 21.1 км.

Марафон аясында белгілі жүргізушілердің қатысуымен шоу-бағдарламалар, сондай-ақ серіктестерден жүлделер, ұтыс ойыны мен конкурстар ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button