Қала күніне орай, Семейде алғаш рет драг-рейсинг бойынша іс-шара өтті. Жарысқа Семей, Өскемен, Риддер және Шемонаиха ауданынан келген 20 автокөлік пен көлікті тізгіндеген жүргізушілер қатысты.
Бұл қазіргі таңда автомобиль спортының Семей қаласында белсенді түрде дамып келе жатқандығын көрсетті.
Драг-рейсинг — бұл екі көліктің өзара спринттік жарысы, ол классикалық нұсқада 402 метр қашықтықты құрайды.
Спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаевтың айтуынша, бұл спорт түрі тікелей трассада өткізілетін жеделдетілген жарыс болып табылады.
2023 жылға дейін мұндай жарыстардың мәртебесі Семей қаласында заңсыз болған, бірақ Семей қаласының автокөлік әуесқойлары жаңа деңгейге өтіп, Қазақстан Республикасының автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, қала басшылығының келісімімен аталған іс-шараны өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша 5 санат жеңімпаздары анықталды:
1 санат:
Пищаев Алексей – 1 орын;
Абразаков Тимур – 2 орын;
2 санат:
Суслов Сергей – 1 орын;
3 санат:
Пушкарев Алексей – 1 орын;
Курбанов Зинур – 2 орын;
Айбатулла Ахметжан – 3 орын;
4 санат:
Шушаников Василий – 1 орын;
Зеленков Данил – 2 орын;
Нургалиев Мирас – 3 орын;
5 санат (абсолютті):
Головинский Артем – 1 орын;
Репин Степан – 2 орынды иеленді.
Semeynews.kz