Нұрлан Ұранхаев Отбасы күнімен құттықтады
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отбасы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленген бұл мереке айрықша мәнге ие.
Абай облысында әр отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.
Тұрғындардың демалу орындарының қатары артты. Семей қаласының сол жағалауында көпірасты кеңістігі алдағы үлкен жоспардың тек бастауы. Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54 мыңнан асты. Бүгінгі таңда 23,9 млрд. теңгеге жылу желілері жөнделіп жатыр.
Облыста жалпы ауданы 480 мың шаршы метр 68 көппәтерлі және жеке тұрғын үй (1170 пәтер) салынды. Алдағы екі жылда 11 мектеп салу жоспарланған. 2025 жылға дейін өңірді 65 денсаулық нысанның құрылысын салу жоспарланып отыр.
Отбасы институтын нығайту мен оның құндылықтарын насихаттау – еліміздегі тұрақтылық пен келісімді арттырудың тиімді жолы. Сол себепті, бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық, шаңырақтың шаттығы – Әділетті Қазақстанның басты мақсаттарының бірі бола бермек.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен қуаныш, ырыс пен береке тілеймін.
Әр шаңырақтан шаттық үзілмесін!
Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.