Абай облысыТОП

Бүгін елімізде – Отбасы күні

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. Сол мемлекеттің іргесін берік қалап, терезесін өзгелермен теңестіріп ұстау үйдегі отбасының әр мүшесіне тікелей байланысты.

Көпшілік үлгі тұтып, сыйлайтын отбасылардың бірі – Ерденбековтер отбасы. Ауылымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел ішінде тәртіпті жіті назарда ұстауда талмай қызмет етіп келе жатқан Ерденбековтер отбасы татулық пен берекеге толы шаңырақ. Адам өмірі мен ел тыныштығын қылмыскерлердің құрығынан сақтап келе жатқан отбасындағы жолдасы мен жұбайы бүгінде бір салада қызметтерін ұштастырып отыр.

Елдос Ерденбеков 1990 жылы Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниге келген. Ал жары Гүлнұр 1992 жылы Қарабұта ауылында туылған.

Ел тыныштығы мен отбасы берекесін сақтауда қызметтерінің бір арнада тоғысқаны да себеп болды. Үлгі тұтар Ерденбековтер әулеті 2014 жылы қызметте танысып, 2016 жылы отау құрды. Бүгінгі таңда 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Жұмыстан тыс уақытымызды отбасымызбен бірге өткіземіз. Балаларымызға көбірек уақыт бөлуге тырысамыз. Еңбек демалысын да бірге алуды жоспарлаймыз, балаларға әжесі қарайласып, көмектеседі . Табиғатта демалғанды ұнатамыз. Үлкен қалаларға барамыз” – дейді Гүлнұр ханым.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button