“Қарасора-2023” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шүлбі кентінің 49 жастағы тұрғынын ұстады

Ол өз үйде есірткі затын кептіру арқылы қолдан заңсыз жасаған. Тұрғылықты жері бойынша үйді кідіріссіз тінту кезінде жатын бөлмесіндегі кереуетте 4 полимер орамы, дәлізде 1 қағаз орамы, гардеробта 1 полимер пакеті, жуынатын бөлмеде шыныаяқта дымқыл зат, балконда 2 ыдыста өсімдік тектес жасыл түсті заттар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 992,75 грамм болатын “кептірілген марихуана”, жалпы салмағы 3 кг-нан асатын “кептірілмеген марихуана” болып табылады.
ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау).
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Semeynews.kz