Абай облысы аумағында “Жер-2023” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі.

* 2023 жылдың 11-12 қыркүйегінде Абай облысы аумағында “Жер-2023” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі.
* Оқу-жаттығулар барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төиенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталады.
* Оқу-жаттығулар Абай облысының қалалары мен аудандарының аумақтарында өтеді. Жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша негізгі оқу-жаттығулар Аягөз ауданы мен Семей қаласында өткізіледі.
* Оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйелері іске қосылатын болады.
* Аталған өңірлердің тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауларын, қауіпсіздік шараларын сақтауларын және шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауларын өтінеміз.
Semeynews.kz