Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында «Шығыс 2023» оқу-жаттығуы мәресіне жетті

Абай гарнизоны әскери бөлімдері 2023 жылдың 25 тамызымен 5 қыркүйек аралығында «Шығыс» түраралық полигонында «Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Талғат Қойбақовтың қатысуымен өткен іс-шара мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін және белгіленген мерзімде олардың тапсырмаларды орындау қабілеттіліктерін тексеру.

Еске салайық, бұл оқу-жаттығу төрт облыс аумағында бір мезгілде өтуде. Оған бес  мыңға жуық әскери қызметші және бір жарым мың бірлік қару-жарақ пен әскери техника қатысуда.

  • Осындай оқу-жаттығудың маңызы бөлек. Сан түрлі қорғаныс және шабуылдау бағытындағы жаттығулар орындалды. Қауіпсіздік шараларының бұзылуы орын алған жоқ. Шара соңында ауқымды жаттығуға қатысқан әскери қызметшілерге құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қойбақов мадақтама қағаздары мен естелік сыйлықтар табыстады,  – дейді құрлық әскерлерлерінің бас штабының жедел басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков.

«Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуы сәтті аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button