Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында «Бекет-2023» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы өткізілді

Абай облысында «Бекет-2023» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб құқық қорғау және арнайы органдардың қатысуымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне шұғыл ден қою мәселелерін, сондай-ақ террористік актілердің салдарын оқшаулау және азайту жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады.
Жаттығулар әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ведомствоаралық үйлестіру, күш құрылымдарының жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін «Батыл тойтарыс-2023» әскери-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілді.

Қатысқан мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері оқу-жаттығулардың қойылған міндеттерін ойдағыдай орындады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button