Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды

Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хпабарлауынша, 30 тамыз күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында Жарма ауданында жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

14 жастағы мотоциклші жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан.

Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның басты себебі-жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайлылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі.

Абай облысының полицейлері екі дөңгелекті көлік иелері арасында жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button