Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Абай облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған фестиваль өтті

Фестивальға этномәдени орталықтардың өкілдері, лингвистер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шара барысында Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының әртістері өнер көрсетіп, Алаш арыстарының даналық өсиеттерін халық назарына ұсынды.

Іс-шара аясында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім Министрінің, Тіл саясаты комитеті Төрағасының, Абай облысы әкімінің және Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы алғыс хатымен марапатталды.

Фестиваль барысында ұлттық және интеллектуалдық ойындардан сайыс ұйымдастырылып, көрермендер мен мақал-мәтелдер мен жаңылпаштар айтудан бақ сынасты. Облыс қолөнершілерінің жәрмеңкесі өтті.

Кеште Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның және қалалық мәдениет сарайының әншілері, Бесқарағай ауданынан келген «Воскресенье» вокалдық тобы мен жас таланттар өнер көрсетті. Фестивальдің арнайы қонақтары Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары «Алатау серілері» тобы әннен шашу шашты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button