Covid-19ШҚОТОП

ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 23 мамырдан бастап «жасыл» және «сары» жағдайда нысандар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өткенімен, Өскемен, Семей және Аягөз қалалары «сары» аймақта, осыған байланысты 23 мамырдан бастап, нысандардың жұмысын реттейтін облыстық бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шығады, деп хабарлайды Semey News.

Онлайн пресс-конференция барысында ШҚО санитарлық-эпиедемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев 23 мамырдан бастап нысандардағы шектеулер мен жеңілдетулер туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Өскемен, Семей қалаларынан және Аягөз ауданынан басқа қалалар мен аудандарда жабық орын-жайларда ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат берілді, діни бірлестіктердің нысандары 30 % толтырылымға дейін, бірақ 100 адамнан аспауы керек. Толтырымы 30% немесе 50 адамнан аспайтын банкет залдарында еске алу рәсімдерін өткізуге рұқсат етілді. Мейрамхана, кафе типтегі қоғамдық тамақтану орындарына, сондай-ақ жазғы алаңдарға сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етілді. Сонымен қатар, боулинг орталықтарға, бильярд, ойын клубтарына, балалардың ойын-сауық орталықтарына, жабық орын-жайлардағы аттракциондарға жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында жексенбіден бастап шектеу режімі және «сары» аймақ үшін қарастырылған нысандарды пайдалануға арналған рұқсаттар жүзеге асырылады. Мейрамхана, кафе, сондай-ақ жазғы алаңдар үлгісіндегі қоғамдық тамақтану орындарына сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жабық орын-жайларда, діни бірлестіктердің нысандарында ұжымдық шаралар өткізуге, банкеттік залдарда еске алу рәсімдерін өткізуге тиым салынады. Сонымен қатар, боулинг орталықтарға, бильярд, ойын клубтарына, балалардың ойын-сауық орталықтарына, жабық орын-жайлардағы аттракциондарға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Қанат Тұрдиев, «Ashyq» жобасын енгізген кәсіпкерлік нысандары, аталған жоба қатысушылары үшін белгіленген режімде жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл нысандарға тек «жасыл» және «көк» мәртебелері бар адамдар ғана кіре алады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button