Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Семейде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтілді

Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет сарайында «Тіл – ел мәртебесі» атты мәдени шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атаулы күн «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланды. Сондықтан осынау күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің мәні мен маңызы өте зор.

Іс шара барысында мәдениет және еңбек ардагерлері мен қаламыздағы мәдениет, білім, ақпарат саласында қызмет атқарып жүрген жастар қала әкімінің құрмет грамотасымен және Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен мараппатталды. Зиялы қауым, мәдениет саласының қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарың тіл кафедрасының студент жастары, тіл мамандары қатысуымен өткен мәдени шарада Қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button