Абай облысының Ақсуат ауданында қысқы мал азығының жартысынан көбі жиналды
Ақсуат ауданында қарасты шаруа қожалықтары қыстық мал азығын дайындаудаға қызу кірісіп, қазірдің өзінде олар 2023-2024 жылғы қысқы науқанға 89 500 тонна шөп дайындаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Дайындалған азықтың ішінде жоңышқаның 1-ші орымының әр гектарынан орташа түсімі 27,4 центнерді құрайтын түсім түсіріп, 16 791 тонна құнарлы азық жинаған.
Бүгінгі таңда қысқы мал азығын жинау, дайындау жұмыстарына аудан бойынша 427 бірлік әртүрлі маркадағы трактор, 93 бірлік сенокасилка, 73 бірлік тырма, 43 бірлік рулон-пресс, 65 бірлік стогомет, 104 бірлік трактор тіркемесі, 33 бірлік камаз тіркемесі, 61 бірлік Газ-52, Газ-53 және басқа да ауылшаруашылық техникалары жұмылдырылған.
Сондай-ақ, жиын-терімді Кіндікті ауылдық округіне қарасты “Қасқатай”, Ойшілік ауылдық округінің “ЕрЖанАли”, Құмкөл ауылдық округінің “Мақсат” шаруа қожалықтары белсенді жүргізуде.
2023-2024 жылғы мал қыстату кезеңіне аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, жалпы жиыны 157 625 тонна шөп қажет.
Semeynews.kz