Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында мас жүргізушінің салдарынан кәмелетке толмаған бала зардап шекті

2023 жылғы 31 тамызда «Үлкен-Бөкен-Үлгілі-Малшы» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды, кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген кезде анықталғандай, ауданның 30 жастағы тұрғыны мас күйінде өзінің «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігімен келе жатқанда қарсы жолға шығып кетіп, Тарбағатай ауданының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы «LADA Granta» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алған жарақаттарына байланысты «LADA Granta» маркалы автокөлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 30 жастағы жүргізушіден алкогольдік масаңдықтың ауыр дәрежесі анықталды.

Аталған факті бойынша аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы баптың санкциясымен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырыла отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button