Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Аягөз ауданында автожолдарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Аягөз ауданына қарасты Қарағаш ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрылыс үшін «Зайсан Дорстрой» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстың 90 % аяқталды. Мердігердің айтуынша, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл Қарағаш елді мекенінің кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Қарағаш ауылдық округі аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендегі тұрғындар саны – 786 адам. Аягөз ауданындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 410,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде Аягөз қаласындағы жолдардың ұзындығы 108 шақырым.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button