Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Биыл Абай облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Гагарин және Мира көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«ӨскеменСпецКоммунтранс» ЖШС мердігер ұйымы жолды тегістеу, арматура мен жабынның негізгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізді. Барлық жұмыстар 2023 жылдың тамыз айында аяқталды.
Сондай-ақ, ауылда «ВостокЛесИндустрия» ЖШС бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 20*40 көлеміндегі шағын футбол алаңы орнатылды.
Анықтама үшін: Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылында 1159 тұрғыны бар, Дмитриевка ауылдық округінің орталығы. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Семей» тас жолы өтетіндіктен, оның стратегиялық маңызы зор. Дмитриевка ауылдық округі дамыған инфрақұрылымдық кешенге ие, онда орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жұмыс істейді.
Semeynews.kz