Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

Семейде дәстүрдегі дін мәселесі жайлы қалалық семинар өтті

Абай облысы дін мәселерін зерттеу орталығы мен «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін және ұлттық дәстүрлер» тақырыбында қала мектептерінің дінтану пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту-семинары өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Спикер ретінде Жетісу облыстық дін істер басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мутабаев пен Alikhan Bokeikhan университетінің Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Арафат Мамырбеков қатысты.

  • Талдықорған қаласынан арнайы мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқыту-семинарына қатыстым. «Ұстаз – Ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздарға дәріс оқып, тәжірибе алмасқаныма қуаныштымын. Біздің басты мақсат – болашақ жастарымызды білім алу саласында қатып қалған қағидалардан алыстатып, болашақтарына жаңа серпіліс беруде, – деп атап өтті Қанат Мутабаев.

Тренингке 50 жуық білім саласының қызметкерлері қатысты. Шара барысында тәрбиедегі дін мәселесі, оқушыларды оқытудың тиімді және жүйелі жұмысы бойынша жаңа әдістер, тың идеялар мен ұсыныстар талқыланды. Семинарда айтылған заманауи жұмыс әдістері оқытушыларға жастармен сапалы әрі тиімді жұмыс жүргізуге септігін тигізері анық.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button