Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысында ауыл тұрғыны құрбысына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Ақсуат ауданының 35 жастағы тұрғыны танысының атынан микроқаржы ұйымдарының бірінің сайтында тіркеліп, құрбысына 1 558 659 мың теңге көлемінде микрокредит беруге өтінім берген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақсуат ауданының тұрғыны танысының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының және ұялы телефонының нөмірін көрсете отырып, қарыз алушының сауалнамасын толтырған. Сол күні ақшалай қаражат шотқа аударылды. Кейіннен алаяқ өзінің шотына оның ақшалай қаражаты аударылғанын жаңылыстырып, аталған ақшаны иемденген.

Әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық”бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button