ҚазақстанҚоғамТОП

Астанада ШЫҰ аясындағы терроризмге қарсы кеңес отырысы өтеді

8 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-шы отырысы өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2023 жылғы 8 қыркүйекте Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-шы отырысы өтеді.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдар мен топтардың заңсыз әрекетіне бірлескен іс-қимылды үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда», – деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, кеңес отырысында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері, алдағы іс-шараларға дайындық барысы қаралады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button