Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері бас бостандығынан айырылған көпбалалы азаматшаның балаларына көмектесті

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері 37 жасар бас бостандығынан айырылған көпбалалы азаматшаның балаларына 1 қыркүйек -білім күніне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Азаматша К. Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 21 мекмесінде жазасын өтеп жатыр. Ол былтырғы жылы аяғы ауыр кезінде жол апатына түсіп, ҚР ҚК-НІҢ 345бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Азаматша К. жазасын мекемеде өтеп жүріп ай-күні толғанда, 4 ші- ұл баланы дүниеге әкеледі. Қазіргі уақытта 4 айлық ұл анасының қасында. Бірінші қызы 13 жасар, одан кейінгілері 9, 7 жасар -мектеп оқушылары. 1 қыркүйек қарсаңында сол балаларына алаңдап жүрген көп балалы ананы байқаған мекеме қызметкерлері көмек көрсетуді ұсынды. Әр бір қызметкердің өзі әке, ана болғандықтан, мектепке дайындықтың қандай болатынын жақсы түсінеді. Қасында анасы жоқ, бір емес үш баланы мектепке дайындау кезінде мекеме қызметкерлері тәттілер әперіп, мектепке қажетті оқу-құралдарымен көмектесті.

– Ойламаған жерден жол апатына тап болдым. Отбасыммен көрші ауылға жолға шыққан едік. Ортаңғы балам дәретке қатты қысылғандықтан жолдың етегіне тоқтадым. Жолға қайта шыға бергенде артқы дөңгелегім көлігімді қарсы жолға лақтырды. Сол мезетте қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысып есімнен танып қалыппын. Есімді жиғанда қарсы көлікте болған жолаушылардың жол апатынан қаза тапқандарын естідім. Ол сәт әлі есімнен кетер емес … Ойласам қатты қиналамын. Сол оқиғадан кейін бас бостандығымнан айырылып, 21 мекемесінде жазамды өтеп жатырмын. Қазір үш оқушы балам үйде әкелерімен бірге, мен төртінші баламмен осындамын. Балаларымның мектепке дайындықтарын күндіз-түні ойлаумен жүрдім. Осындай сәтте, көмек қолын созған мекеме қызметкерлеріне қуанышым шексіз. Алғысымды айтамын,-деп азаматша К. өз ойымен бөлісті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button