ҚазақстанҚоғамТОП

Тамара Дүйсенова министр қызметінен босатылып, Премьер-Министр орынбасары лауазымында қалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда ҚазКСР Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.

Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), мамандығы – инженер-экономист.

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Макрорегуляцияны экономикалық-математикалық модельдеу» (2004).

Еңбек жолы:

– Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі (01.1988-06.1988);

– Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі, Ташкент қаласы (11.1988-09.1992);

– Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі (09.1992-10.1993);

– «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы (10.1993-01.1994);

– Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі (01.1994-11.1994);

– Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары (11.1994-05.1997);

– Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары (05.1997-12.1997);

– Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (12.1997-03.1999);

-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (03.1999-09.2002);

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (09.2002-09.2006);

-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (09.2006-01.2008);

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы, Астана қаласы (01.2008 – 02.2013 ) ;

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (02.2013-06.2013);

-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а., Астана қаласы (06.2013-06.2013);

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (06.2013-08.2014);

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Астана қаласы (08.2014-01.2017);

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (01.2017-02.2018);

– «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Нұр-сұлтан қаласы (02.2018-07.2019);

-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019-05.2020);

– Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019-05.2020);

-Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі жетекші бөлімі, Нұр-сұлтан қаласы (05.2020-04.2022);

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Нұр-Сұлтан қаласы (2022 жылғы 11 сәуірден бастап).

-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (2023 жылғы 8 маусымнан бастап).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button