Шәкәрім университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Құмарбек Әмірханов.
– Экономиканы дамытуға үлес қосатын сала – қайта өңдеу өнеркәсібі. Соның ішіне Президентіміз атап өткен Қазақстанның негізгі байлығы астық, ет, сүт өнімдері кіреді. Біздің жаңадан құрылған Абай облысында қайта өңдеу өнеркәсібі орташа деңгейде. Бұрын біздің облыста болған ет өңдеу, тері өңдеу заводтары қазір жұмыс жасамайды. Соларды қайта жаңғыртуымыз керек. Қазір шағын бизнес қарқын алып, орта бизнес тоқтап қалған секілді. Экономисттердің мәліметі бойынша жұмыскерлер саны жүзден асатын кәсіпорындар бар. Оны одан әрі көбейту қажет,- Құмарбек Әмірханов.
– Президентіміз жолдауда айтқандай ғалымдар өнеркәсіпті дамытуға жаңашылдық енгізу керек. Біздің Абай облысында шағын кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыру қажет. Себебі, тек ет өнімін сыртқа шығару арқылы біз рынокты жаулап ала-алмаймыз. Сондықтан астықты болсын, ет және сүт өнімдерін болсын тереңнен дамытуды қолдаған дұрыс. Жаңадан кәсіпорындар салып, өнімдерді сырттан алдыртпай өзімізден өндірсек облыс экономикасына үлкен үлес болмақ,- деді Құмарбек Әмірханов.
Semeynews.kz