ЖолдауҚазақстанҚоғамТОП

Жібек Абылқасымова: Ел экономикасында кәсіпкерлікті, сыртқы экономиканы, өнім өндірісін дамыту мәселелерін қолға алып, дамытқан дұрыс

Шәкәрім университетінің Экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жібек Абылқасымова.

– Бүгін біз мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының куәгері болдық. Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін еліміздегі атқарылып жатқан шаралардың оңтайлығы жөнінде, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бір қатар жақсы жаққа қарай дамып келе жатқандығын атады. Сондай-ақ мемлекетімізде көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешу қажеттігіне тоқталып өтті. Соның ішінде ел экономикасында кәсіпкерлікті, сыртқы экономиканы, өнім өндірісін дамыту мәселелерін қолға алып, дамытқан дұрыс,- деді Жібек Абылқасымова.

– Келесі мәселелердің бірі – көлік логистикасы. Әлемде көлік логистикасын дамыту арқылы шетелдермен ынтымақтастықты нығайтып, сыртқы нарыққа шығу мәселесіне тоқталған болатын. Осы аталған мәселелерді ескере отырып, біздің Шәкәрім университетінің ғалымдары да елдің әлеуметтік-экономикасының дамуына өз үлесін қосады деп сеніммен айта аламын, – деді Жібек Абылқасымова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button