ЖолдауҚазақстанҚоғамТОП

Бүкіл қауым, бүкіл қоғам саяси реформалардың арты экономикалық жаңаруларға әкеледі деген көзқарастамыз, – Арайлым Оразғалиева

Шәкәрім университетінің Экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Арайлым Оразғалиева.

– Бүгін 1-қыркүйек біз үшін ерекше күн. Біріншіден – Білім күні. Екіншіден, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл сайынғы халыққа Жолдауын жариялап жатыр. Жалпы, саяси жүйені өзгерту тұрғысынан ерекше жыл болды. Өйткені, конституциялық реформа бізге басым бағыттарды айқындап беруде. Жаңа саяси қарқын, жаңа саяси өзгеріс бұл – Жаңа әділетті Қазақстанды құруда маңызды өзгерістерге жетелейді. Бүкіл қауым, бүкіл қоғам саяси реформалардың арты экономикалық жаңаруларға әкеледі деген көзқарастамыз, – деді Арайлым Оразғалиева.

– Бірінші бағдар – жаңа экономикалық саясат. Саяси өзгерістен кейін экономикалық дамуларға әкелу керек. Мен экономист ретіндегі көзқарасым – экономиканы дамыту үшін бізге міндетті түрде экономиканы әртараптандыруымыз қажет. Екіншіден, экономиканың салаларын диверсификациялау. Үшіншіден, цифрландыру. Одан кейін, мемлекет басшысы айтып өткен шағын және орта бизнесті дамытуда ынталандыру жұмыстарын жүйелі жүргізген дұрыс. Экономика саласын дұрыс дамуы үшін 2023 жылы салық саясатын ретке келтіру жұмыстары бойынша мемлекет басшысының бастауымен фискалды реттеу қолға алынып, жаңа салық кодексінің нұсқасы әзірленбекші. Ұлттық табысты қоғамның әрбір мүшесі өзінің игілігі ретінде пайдалана алатындай мүмкіндік жасауымыз қажет, – деді Арайлым Оразғалиева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button