ЖолдауҚазақстанҚоғамТОП

Ұлан Тлемісов: Болашақта шикізат мәселесі әлемдік үлкен қозғалыс тудырады

Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика факультетінің деканы Ұлан Тілемісов алдағы 3-5 жылда суды қажет етпейтін дақылдарды шығару ғалымдардың басты мақсаты болатындығын жеткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы әртараптандыру бойынша көптеген жобалар ұсынды. Соның ішіндегі ең үлкен мәселе – аграрлық саласы. Болашақта шикізат мәселесі әлемдік үлкен қозғалыс тудырады. Соған орай, Президентіміз жолдауда біздің басты мақсатымыз мал шаруашылығы мен егін шарушалығына көңіл бөлу екендігін айтты. Оның ішінде университеттер маңызды рөл атқармақ. Өйткені, өзгерістер енгізу үшін жоғары технология керек, -деді Ұлан Тілемісов,

Сонымен қатар Ұлан Тілемісов Жолдаудағы айтылған аграрлық сала бойынша алдын-алу шараларын жүргізу керек екендігін де атап өтті.

– Тек қана бұрыңғы дақылдарды енгізе беру, бұрыңғы мал шаруашылығын қайтадан дамыту да олқылықтар жеткілікі. Себебі, қазіргі кезде технология заманы. Сондықтан да, біздің университетте жалпы ғылым саласында селекция мәселесін қолдау қажет. Бұл мал шарушалығына, егін шаруашылығына да байланысты. Өйткені, су тапшылыға пайда болады. Оған байланысты тұрақты өсе алатын, не болмаса суды қажет етпейтін дақылдарды шығару қажет деп ойлаймын, – деді Гуманитарлық-экономика факультетінің деканы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button