Көлік министрлігін қайта құрған жөн.Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет.
«Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», -деді Мемлекет басшысы.
Semeynews.kz