ЖолдауҚазақстанҚоғамТОП

Мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс – Президент

Жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет. Еліміздегі «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ» сияқты мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс. Сонымен қатар, жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды», – деп мәлім етті Президент.

Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button