Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысында ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды

Бесқарағай ауданында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында Өндіріс ауылында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету» ММ қызметкерлері ағаш материалдары тиелген УАЗ автокөлігін тоқтатты. Ұсталған көлік жүргізушісі Бесқарағай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Істі тексеру барысында бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі 5-тармағына қайшы екені анықталды.

Заңсыз ағаш кесудің алдын алу және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін орман алқаптарын бақылау, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары іске асырылады.

Еске салсақ, заңсыз ағаш кесу қоршаған орта мен экожүйе үшін теріс әсер етеді, ол биоәртүрліліктің жоғалуына, топырақ эрозиясына, климаттың өзгеруіне және басқа да экологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button