Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында жылыту маусымына дайындық облыстық штабтың қатаң бақылауында

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және «Теплокоммунэнерго» МКК-мен бірлесіп 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық барысын көріп қайтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс басшысының орынбасары қаладағы ЦТП-518, ЦТП 401, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі магистральдық жылу желісі, «Орталық» қазандығын, ЖЭО-1-ден павильон – 4-ке дейін нысандарына барып, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын жіті тексерді.

Сондай-ақ, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында жылу және өрт дабылы жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Димитрий Гариков мердігерлерге жұмысты тездетуді және құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button