Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Жарма ауданында 10 отбасы қоныс тойын тойлады

Жарма ауданының Шар қаласында 10 отбасыға жаңа үйлердің кілті табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар Шар қаласынан жаңа баспананың кілттерін алды.

60 шаршы метрлік пәтерлерде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бөлінген аумақ қосалқы шаруашылықты дамытуға ыңғайлы.

Келешекте қаланың осы бөлігінде шағын аудан құру жоспарланып отыр, онда осы үлгідегі тұрғын үй құрылысы жалғасады.

Қала тұрғыны, көпбалалы ана, күміс медаль иегері Айгүл Қайраханова, сондай-ақ «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Динара Исабаева қатысушыларға алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Анықтама: «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қалада 5 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар жаңа пәтерлердің иегерлері атанды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button