Семейде сауна және монша өртенді
Өткен түні Семейде екі өрт орын алды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 мамырда сағат 02:00-де Красина көшесі бойындағы саунаның төбесі өрт орын алғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына келіп, жағдайды бағалап, өрт сөндірушілер құрылымның бір бөлігін бұзды. Өрт сөндірушілердің нақтылы және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ғимараттың басым бөлігі, 280 шаршы метрдегі алаң өрттен құтқарылды. Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады, өрт сағат 03:39-да толықтай жойылды. Өртті жоюға жеке құрамнан 35 адам және 10 бірліктегі техника жұмылдырды», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Өрт шығуының негізгі нұсқасы – пешті жобалау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және отқа жауапсыз қарау.
Бір үлкен өртті сөндіріп, тағыда шақыртулар алды. Бұл жол жалпы алаңы 68 шаршы метрді құрайтын саяжайдағы үймен оның моншасы өртенген. Өрт сөндірушілермен барлау жүргізу барысында 27 литрлік газ баллон табылды және өрт орнынан дереу шығарылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 адам және 6 бірліктегі техника жұмылдырылды. Бұл жерде де болжам бойынша пешті жобалау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау. Екі жағдайда зардап шеккендер жоқ.
Семей қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Нысандарда алғашқы өрт сөндіру жабдықтары және өрт дабылы болуы қажет. Сондай-ақ, өрт кезінде әрекет ете білу керек және ашық отпен жұмыс жасағанда абайсыздықты болдырмау қажет.
Semey News