Семейде ядролық сынақ құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті
Жылдағы дәстүр бойынша Бейбітшілік аралында өтетін салтанатты іс-шараға облыс әкімдігінің өкілдері, «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметкерлері және Жапония елі Хиросима және Нагасаки қалаларынан келген ғалымдар делегациясы қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы Қазақстан үшін ғана емес, барша адамзат үшін маңызды болғанын атап өтті.
– Отыз екі жыл бұрын біз бүкіл әлемге бейбіт өмірдің жарқын үлгісін көрсеттік. Қазақстан ядролық арсеналдан, ерікті түрде, бас тартты. Алайда, полигон жаңғырығы әлі де халық жадында, тарихи деректе, баспасөз беттерінде ауық-ауық көрініс табады. Саяси-мелитаристік бәсеке жолында, жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған жерлестеріміздің асқақ рухы алдында басымды иіп, тағзым етемін! Бүгінде, киелі тәуелсіздіктің арқасында – егемен елдің жаңа тарихы жазылуда. Бір кездегі «үрей даласы» – бейбітшілік бесігіне айналды, – деп атап өтті Шалқар Байбеков.
M.d, PhD докторы, профессор, Нагасаки Университетінің ядролық бомбалау салдарынан дамитын ауруларды зерттеу институтының директоры Масахиро Накашима ядролық сынақ салдарын зерттеу ісінде барлық күш-жігерімізді салу керектігін атап өтті.
– Бұл бүкіл әлем үшін өте маңызды күн. Біз бейбітшілікті сақтауымыз керек. Семей және Нагасаки бастан кешкен оқиғаларымен бөлісе отырып, ядролық қарудан бас тарту үшін барлық күш-жігерімізді біріктірудің маңызын ұғындырады. Осы бағытта тәжірибе алмасу да өте маңызды, өйткені біз адамдарға радиациялық инфекциядан қорғануға көмектесуіміз керек, – деп атап өтті Масахиро Накашима.
Мәртебелі меймандар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл жоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Semeynews.kz